Accessibility links

Ресей мен Қазақстан бірқатар құжаттарға қол қойды


Ресей мен Қазақстанның үкімет басшылары Владимир Путин мен Кәрім Мәсімовтің келіссөздерінің қорытындысы бойынша Кеден одағын құру мәселелері жөнінде үкіметаралық меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ аталған келіссөздің қорытындысы бойынша Федералдық ғарыш агенттігінің жетекшісі Анатолий Перминов мен Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев «Байқоңыр» кешенін пайдалану тәртібі жөніндегі келісімге қол қойды.

Сонымен қатар екі ел арасындағы теміржол транспорты ұйымдары мен мекемелерінің жұмысын құқықтық реттеу ерекшеліктері жөніндегі келісім мен Байқоңыр қаласының мәртебесі келісімдерге түзетулер мен толықтырулар енгізілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG