Accessibility links

Қазақстанның біраз аумағында күн суытады


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, таяу күндері Қазақстанның біраз аумағында күшті жел тұрып, ауа температурасы төмендеп, қар жаууы да мүмкін.

Оңтүстік және солтүстік шеткі облыстарға жоғарғы атмосфералық қысым әсер етіп, жауын-шашынсыз болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде солтүстік-батыстан секундына 25-30 метр жел соғады. Павлодар, Ақмола мен Қарағандыда да күшті жел тұрып, ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді.

Қазгидрометтің ақпаратынша, бүгін Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су тасқыны болып, Павлодар мен Ақмолада қар жаууы мүмкін. Астанада бүгін түнде күн райы 0 -2 градусқа дейін суытады.
XS
SM
MD
LG