Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді қабылдады


ҚР мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путинді қабылдады, — деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективасы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономикалық дағдарысқа және А/Н1N1 тұмауы вирусының таралуына қарсы тұру бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің бірлескен шараларын жандандыру керектігін атап өтті. Сондай-ақ бұл мәселелер бүгін өтетін ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысында талқылануы тиіс.

Өз кезегінде Владимир Путин дағдарыстың Ресей мен Қазақстанға да тең ауқымда әсер еткенін, стратегиялық серіктес болып табылатын екі елдің бірлескен жұмысының маңызы зор екенін айтты.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру, энергетика саласындағы ынтымақтастық, «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану жөніндегі шарттық-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері қаралды.
XS
SM
MD
LG