Accessibility links

Алматы қаржы полициясы «Nobilis Trading Company» директорының үстінен қылмыстық істер қозғады


ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы «Nobilis Trading Company» директорының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nobilis Trading Company» директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы 2 тармағының «б» тармақшасы (Жалған кәсіпкерлік), 222 бабының 1 тармағы (Ұйым салығын төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кәсіпкерлікпен айналысу мақсатынсыз, «Nobilis Trading Company» ЖШС-ін тіркеп, салық төлемдерін төлемей, мемлекетке 10,6 млн теңгеге зиян келтірген деп айыпталып отыр. .

Сондай-ақ, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы 3 тармағының «б» тармақшасы бойынша да (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалған. Агенттіктің хабарлауынша, ол екі ЖШС –нің директорына шикі мұнай алып берем деп уәде беріп, олардың 82,8 млн теңгесін иемденіп кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG