Accessibility links

Бақыт Сұлтанов: Үкімет бөлген қаржы ЖІӨ-нің өсуін сақтап қалуға мүмкіндік береді


Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлген қаржысы 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-нің өсуін сақтап қалуға мүмкіндік береді, — деді ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

«Бәрі дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлген қаржының тиімді пайдаланылуына байланысты. Біздің есептеуімізше, бұл қаржы жалпы алғанда ЖІӨ-нің өсуін сақтап қалуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Осы жылдың алғашқы тоқсанында ЖІӨ-нің өсу көрсеткіші екі пайызға төмендеген. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жақын арада республикалық бюджет комиссиясының отырысында алдағы бес жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы жасалмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG