Accessibility links

ЕуроОдақ пен Ресей басшыларының кездесуі аяқталды


Ресейдің Хабаровск қаласында болған бұл саммит нәтижесінде, энергия мен басқа да сауалдарға байланысты тараптар арасындағы пікір қайшылықтары сақталуда. ЕуроКомиссияның президенті Жосе Мануэл Баррозу мамырдың 22-де, аталған сөйлесулерден кейінгі баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Ресейдің сынына қарамастан, ЕуроОдақ Шығыс Еуропа елдерімен энергия келісімдерін тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Энергия саудасының жаңа келісімін жасауға тағы да шақырды. ЕуроОдақ басшылары Ресейдің осы ұсынысын қарастырады деп сенетінін де ол айта кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG