Accessibility links

Ауғанстанда есірткі тасымалына қатысы бар 34 қарулы өлтірілді


АҚШ әскерилерінің айтуынша, Құрама Штаттар және Ауған күштерінің елдің оңтүстігінде, осы аптада жүргізіп отырған, есірткіге қарсы күрес шаралары барысында 15 тоннадай есірткі тәркіленген. Сейсенбіде басталған бұл шара барысында әуе шабуылдары да орын алған. Аталған шаралар негізінен Хелманд аймағындағы есірткіні өңдеуден өткізетін орталық орналасқан Маржи қаласында жүруде. АҚШ әскери ресмилерінің есебінше, есірткі саудасынан Талибанға жылына 80 миллион доллардан 400 миллион долларға дейін пайда түседі екен.
XS
SM
MD
LG