Accessibility links

Ресейде доңыз тұмауының алғашқы белгісі білінді


Елдің бас эпидемиологы Геннади Онишенконың айтуынша, Нью-Иоркте жұмыс істеп қайтқан Ресей азаматы бойынан H1N1 қоздырғышы табылған екен. Ол қазір ауруханада, жағдайы қанағаттанарлық дейді мамандар. Оның Мәскеу аймағында тұратын туыстарының денсаулығы да ойдағыдай екен.
Әлем бойынша 11 мыңнан аса адам осы ауруға шалдығып, оның 86-сы қаза болған-ды.
XS
SM
MD
LG