Accessibility links

4 ай Иран түрмесінде отырған Сабери – АҚШ-қа оралды


Тегі ирандық Америка журналисі Роксана Сабери – Иран түрмесінде 4 ай отырып шыққан соң жұма күні АҚШ-қа оралды.
Роксана Вашингтонда бірнеше күн болған соң, өзі туып өскен Дакота штатына жол түзейді. Оның алдында журналист қыз 1 апта бойы Венада құрбыларының арасында болды.
Р.Сабери осыдан 6 жыл бұрын қоныс аударған Иранда қаңтар айында тұтқындалды. Иран үкіметі қос азаматтығы бар журналисті Американың мүддесі үшін тыңшылық етті деп айыптады. Иран соты 8 жыл түрме жазасына кескен бұрынғы шешімді 2 жылдық шартты жазаға өзгерткен соң Роксана 11 мамырда еркіндікке шықты. Оны босатуды АҚШ пен Батыс елдері және адамның құқын қорғаушылар талап етіп келді.
XS
SM
MD
LG