Accessibility links

M.Жәкішевті қызметінен алуға «Самұрық-Қазына» түрткі болған


«Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының президенті Мұхтар Жәкішев «Бас прокуратураның ұсынысымыен» қызметінен алында деген хабарды «Самұрық-Қазына» ұлттық игілік қоры таратты. Сенбі күні Бас прокуратураның баспасөз-қызметінің жетекшісі Сәулебек Жәмкенұлы осылай деп мәлімдеді.
Сәулебек мырза Бас прокуратураның «Қазатомөнеркәсібі» компаниясында тексеру жүргізіп жатқанын растады. Бірақ М.Жәкішевті қызметінен алуға ұсыныс бергенін теріске шығарды.
Ал «Азат» демократиялық партиясының лидері Болат Әбілов Азаттық радиосына М.Жәкішевтің қызметінен алынуымен қатар, еркіндігінен де айрылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сенімді ақпарат көзінің мәліметі бойынша, өткен бейсенбі күні кешке қарай Қазөнеркәсібі ұлттыұқ компаниясының экс-президенті қамауға алынды. Бірақ оған ресми түрде әзірше ешқандай айып тағылмаған сияқты.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG