Accessibility links

Пан Ги Мун Шри-Ланкаға келді


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун жүздеген мың босқынға қайырымдылық көмегін жеделдету мақсатымен Шри-Ланкаға келді.
Бас хатшы Шри-Ланка президенті Махинда Раджапаксаға жолығып, елдің солтүстік-шығысындағы баспана-үйлерінен безіп шыққан босқындардың лагеріне баруға тиіс. Осы ауданда үкімет армиясы мен Тамил бүлікшілерінің арасында кескілескен шайқастар болды.
Өткен аптада Шри-Ланка билігі «Тамил жолбарыстары» тобының жасақтарын толығымен талқандағанын мәлімдеді. Шри-Ланкадағы азамат соғысы ширек ғасырдан аса уақыт жалғасып келді.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG