Accessibility links

Ислам елдері БҰҰ-ын реформалау мүмкіндігін талқылайды


Сирия астанасы – Дамаск қаласында сенбі күні Ислам конференциясы ұйымына (ИКҰ) мүше елдер сыртқы істер министрлерінің 36-ншы сессиясы ашылды. Форумның басты тақырыбы – ислам ынтымақтастығын нығайту.
57 елдің министрлері араб-израиль жанжалын, Ирақтағы және Сомали мен Судандағы ахуалды талқылайды.
Аталмыш ұйымның мәлімдемесінде айтылғандай, форумның барысында БҰҰ-ын реформалау және оның Қауіпсіздік Кеңесін кеңейту мүмкіндігі де сөз болуы ықтимал.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG