Accessibility links

Ауғанстанда 60 содырмен бірге 90 тонна есірткі жойылды


Ауғанстанда есірткі өндірісіне қатысы бар содырларға қарсы ауған армиясы мен коалициялық күштердің бірлескен соққысының нәтижесінде 60 содырдың көзі жойылды. АҚШ армиясы басшылығының хабарлауынша, Гильменд облысында 90 тонна героин мен тағы басқа есірткі түрі жиналған және жарылғыштар мен қопарғыштардың қоры бар содырлардың бекінісі талқандалды.
Гильменд облысы – Ауғанстандағы есірткі өндірісінің кіндігі. Ауғанстанда бүкіл әлемдегі есірткінің 90 пайызы өндіріледі.
XS
SM
MD
LG