Accessibility links

Сирия президенті Әл-Асад Израильді айыптап сөз сөйледі


Сирия астанасы – Дамаск қаласында сенбі күні Ислам конференциясы ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлерінің 36-ншы сессиясы ашылды. Форумның басты тақырыбы – ислам ынтымақтастығын нығайту.
57 елдің министрлері араб-израиль жанжалын, Ирақтағы және Сомали мен Судандағы ахуалды талқылайды.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Сирия президенті Башар Әл-Асад Израильді «Таяу Шығыстағы бейбітшілік жолында тұрған ең үлкен бөгет» деп атады.
Аталмыш ұйымның мәлімдемесінде айтылғандай, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавро та қатысатын форумның барысында БҰҰ-ын реформалау және оның Қауіпсіздік Кеңесін кеңейту мүмкіндігі де сөз болуы ықтимал.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG