Accessibility links

Ахмадинеджад Иранның жауларын итке теңеді


Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад сайлауалды науқанын Теһрандағы митингіде ащы сын сөздерімен бастады.
Баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, Ахмадинеджад, оның өз сөзімен айтқанда, Иранның «жауларына» дүрсе қоя беріп, оларды итке теңеді. «Егер сіз қашсаңыз, олар бас салады – ал егер сіз бас салсаңыз, олар қаша жөнеледі», -деп мәлімдеді Иран президенті.
Ирандағы кезекті президент сайлауында Ахмадинеджадтың басты бәсекелесі болып отырған реформашыл саясаткер Мир-Хоссеин Мусави телеарнадан қазіргі биліктің саясатын, оның ішінде әсіресе экономикалық саясатын сынап сөз сөйледі.
Ирандағы президент сайлауы 12 маусымда өтуге тиіс. Сайлауда дауысқа 4 үміткер түседі.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG