Accessibility links

Түркияда 21 қазақ турисі жол апатына ұшырады


Түркияның Манавгата курортына жақын маңайдағы автокөлік апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарының 11-і қазір ауруханада. Ол туралы Қазақстан премьер-министрінің баспасөз-қызметі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің бастапқы мәліметіне қарағанда, автокөлік апатына бас-аяғы 21 Қазақстан азаматы тап болған. Сиде қаласында алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілген соң 10 адам емханадан шықты. Сенбі күні денсаулығы онша сыр бермеген тағы 7 адам шығуға тиіс болатын.
Осы апатқа байланысты Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов зардап шеккен Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғап, көмек көрсету үшін бірқатар министрлікке мекемеаралық комиссия құруды тапсырды. Комиссияны Төтенше жағдайлар бойынша министр Владимир Божко басқарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG