Accessibility links

Теһранда Иран, Ауғанстан және Пәкістан саммиті жиналды


Теһранда Иран мен Ауғанстан және Пәкістан президенттерінің саммиті өтеді.
Жексенбі күні Теһранға жанына сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спантаны ерткен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай ұшып келіп, Иран мен Пәкістан президенттері Махмуд Ахмадинеджад пен Асиф Әли Зардари үшеуі Талибан қозғалысының содырларына тойтарыс беру шараларын, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Иран мен Пәкістан өкілдері Иран газын Пәкістан мен Үндістанға тасымалдайтын құбыр тарту мәселесін талқылауы да ықтимал.
Үш президент соңғы рет Теһранда наурызда жүздесті.
XS
SM
MD
LG