Accessibility links

Израиль «жол картасының» бір шартын орындайды


Израиль үкіметі Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврейлердің 22 заңсыз қонысын жояды. Жексенбі күні Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак: «қажет болса үкімет күш қолданады», -деп мәлімдеді.
Сөз осы аумаққа жақын орналасқан тұрақты қоныстардың тұрғындары көтерген жеркепелер мен шатыр үйлер жөнінде болып отыр.
Палестина жерінде еврей қоныстарын салуға шектеу қою – Таяу Шығыс жанжалын бейбіт шешу үшін 2003 жылы мақұлданған «жол картасы» шарттарының бірі болатын.
XS
SM
MD
LG