Accessibility links

Пәкістан армиясы тәліптерге әуеден де соққы берді


Пәкістан армиясы Сват жазығының әкімшілік орталығы болып табылатын ірі Мингора қаласының көшелерінде тәліптерге соққы беріп жатыр. Қала тәліптердің Сват жазығындағы бекінісі болып келді.
Армияның хабарлауынша, армия қаланың бірқатар орталық ауданын алды. Алайда, үкімет армиясы қалада 20 мыңға жуық тұрғынның қалғанын ескертеді. Бейбіт халықты қырып алмау үшін қаланы азат ету операциясы баяу іске асырылады.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, соғыс қимылдарының салдарынан Сват жазығынан 2 миллионға жуық адам босып кетті.
Пәкістан армиясы тәліптерге қарсы жорығын 2 мамырда бастады.
Ресми ақпарға сәйкес, осы күні ауған шекарасына жақын Паштун Оракзай ауданында тәліптерге әуеден соққы беріліп, кемінде 7 тәліптің көзі жойылды.
XS
SM
MD
LG