Accessibility links

Алматы фонтандары іске қосылады


Бүгін кешкі сағат 19.00-де Алматы қаласының барлық фонтандары бірдей іске қосылады, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі. Осы шараға орай қала әкімі Ахметжан Есімов фонтандар мерекесіне қатысады.

Басты іс-шаралар Бостандық ауданы бойынша Алматы циркінің алдында, Медеу ауданы бойынша Д.Қонаев ескерткішінің алдында, Әуезов ауданында Н.Сац атындағы Жастар театры алдында, Алмалы ауданындағы Қабанбай батыр мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы «Үш тостаған» фонтандары және Түрксіб ауданындағы С.Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.

Қазір Алматыда 125 –ке жуық фонтан жұмыс істейді, олардың көбі мемлекеттік кәсіпорындар иелігінде болса, кейбірі заңды және жеке тұлғалардың меншігінде.
XS
SM
MD
LG