Accessibility links

Ахмадинежад: Ядролық келіссөздер болмайды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, Теһран мен әлемнің алты алпауыт елімен арада ядролық келіссөздер болмайды. Дүйсенбі күні баспасөз маслихатын өткізген Ахмадинежад ядролық мәселе Иран үшін аяқталды және бұдан кейін Иранның ядролық келіссөздері атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі сияқты ұйымдармен өткізіледі деп мәлімдеді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесі мен Германия Иран ресмилерімен ядролық мәселе жөніндегі келіссөздерін жүргізіп келген еді. Мұндай келіссөздер өткен жылдың қыркүйек айында тоқтап қалған болатын

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG