Accessibility links

«Қазатомпромның» тағы бір вице-президентінің ұсталғаны хабарланды


«Республика» тәуелсіз басылымы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының тағы бір вице-президенті — Бауыржан Ибраев тұтқындалғанын хабарлады. Қазір компанияның жеті топ-менеджерінің екеуі ғана бостандықта жүр. Оның ішінде компанияның вице-президенті, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев бар, — делінген басылымның веб-сайты таратқан ақпаратта. Әзірше бұл ақпаратты ресми орындар растаған да, жоққа да шығарған жоқ.

Мұхтар Жәкішев мамырдың 21-і күні «Қазатомпром» компаниясы басқармасының төрағасы қызметінен бас прокуратураның ұсынысы негізінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының шешімімен босатылған болатын. Бірнеше күннен кейін "Республика" басылымы Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалғаны туралы ақпарат таратқан еді. Бүгінгі уақытта бұл ақпарат расталып отыр.
XS
SM
MD
LG