Accessibility links

Жансейіт Түймебаев: ҰБТ жеті күнге созылады


Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу жеті күнге созылады, сондай-ақ оған бөлінген уақыт жарты сағатқа ұзартылды, — деп мәлім етті ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Министрдің хабарлауынша, ҰБТ-ға жақсырақ дайындалу үшін әдеттегі 1 маусымда басталатын сынақтың мерзімі де ауыстырылды. 4-10 маусым аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектер 7 кезекпен қатысады.
XS
SM
MD
LG