Accessibility links

Ғалым Назаров: Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалуы компания келісімдерінің іске асуына кедергі болуы мүмкін


«Қазатомпромның» қызметкерлері ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалуы шетелдік серіктестермен жасалған келісімдердің іске асуына кедергі болуы мүмкін деген пікірде, — деп хабарлайды «Время» газеті.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясы қазынашылық директоры Ғалым Назаров: «Сөзім дәлесіз болмас үшін айта кетсем, «Тошиба» компаниясы «Қазатомпромдағы» «Вестингхауз» акцияларын қайтарып алуы сөзсіз, өйткені бұл келісім Жәкішев пен «Тошиба» компаниясының президенті Атсутоши Нишиданың жеке байланыстарының негізінде ғана жүзеге асқан еді», — деді.

«Қазатомпром» дүниежүзінде атом электр станциясын салып жатқан «Вестингхауздың» 10 пайыз акциясын иеленген. Осылайша құрылыстың кірістері Қазақстанның табиғи ресурстарын сатудың түсімін жабуы мүмкін еді. Сонымен бірге біз жоғарғы технологияға қол жеткізер едік, ал қосымша құн бастапқы қалпында қалар еді», — деді Ғалым Назаров.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG