Accessibility links

Суат жазығындағы босқындар азап шегуде


Пәкістанның Суат жазығында бірнеше мыңдаған адам азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығынан азап шегуде. Ол азаматтар-Пәкістан әскерінің Талибанға қарсы шайқасы барысында босып кеткендердің бір бөлігі. Ел үкіметі орнатқан коменданттық сағат ережесі кесірінен шамамен 200 мыңдай пәкістандық Суат жазығында тұйықталып қалған. Human Rights Watch хұқық қорғау ұйымы бір аптаға созылған коменданттық сағатты алып тастауға ел үкіметін шақыруда. Осы ай басында басталған шайқастар кесірінен 2 миллион 400 мыңдай адам үйлерінен босып кеткен екен.
XS
SM
MD
LG