Accessibility links

Украина Ливиямен энергиялық әріптестік орнатпақшы


Украина үкімет басшысы Юлия Тимошенко осы мақсатпен Триполиде сапарда. Тимошенко Ливия үкімет басшысы Бағдади Махмоудимен дүйсенбіде болған кездесуінен кейін сөйлеген сөзінде, Ресейге энергиялық тәуелділікті азайту үшін, энергия көздерін молайтуға үміт артатынын айтты. Ол Украинаның Одесса портына Ливияның мұнай тазалағыш зауытын салуына және ел бойынша жанармай бекеттерін орнатуына шақырды. Ливия үкімет басшысы болса, Украинаның азаматтық ядролық энергиясы саласы бойынша әріптестік орнатуға үміт артатындарын айтты.
XS
SM
MD
LG