Accessibility links

Ақтөбеде жалған ақша жасаушы ұсталды


Ақтөбе қаласының криминалды полициясы ірі көлемде жалған ақша жасау дерегеі бойынша күдікті деп танылған қаланың 28 жастағы тұрғынын қолға түсірді, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

ІІД өкілінің мәліметінше, күдікті 500 теңгелік ақшаны түпнұсқасымен бірдей етіп жасау үшін, төрт түсті картридж бен кәдімгі жазу қағазын пайдаланған.

Осы тәсілмен ол 40 мың теңге көлемінде жалған ақша жасаған. Ақшаны дүкеннен азық-түлік алуға, досының туған күнін тойлауға жұмсаған. ҚР ҚК-нің 206 бабы бойынша (жалған ақша жасау және пайдалану) айыпталған күдіктіден ешқайда шықпау туралы қолхат алынған.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG