Accessibility links

ҚР ҰҚК: Мұхтар Жәкішев қызмет бабын пайдаланып мемлекет мүлкін талан-таражға салған


«Қазатомпром» ұлттық компаниясының қаржылық-шаруашылық жұмыстарына тексеру жүргізілуде. Тексеруші топ ҚР Бас прокуратурасы, қаржы полициясы, қаржы министрлігі мен ҚР ҰҚК қызметкерлерінен құралған, — деп хабарлайды ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

«Алдын-ала тексерулер нәтижесі көрсеткендей, Мұхтар Жәкішев пен ұлттық компанияның басқа да жетекшілері қызмет бабын пайдаланып, өздеріне сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін талан-таражға салған, экономикалық зиян келтірген, Қазақстанның ірі уран кен орындарындағы үлестерді оффшорлы аумақтарда тіркелген кейбір фирмалардың пайдасына жаратып жіберген», — делінген баспасөз хабарламасында.

Хабарламада Мұхтар Жәкішевтің 2005 жылы Қызылорда облысындағы «Мыңқұдық» уран кен орнында орналасқан «Центральный» жер қойнауын қайтарымсыз пайдалануға құқық берілген«Кең Дала KZ» атты жеке компаниясын құрғандығы мен осы аралықта «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқа оффшорлық компания арқылы Қызылорда облысындағы «Қызылқұм» ЖШС-нің 30% үлесін пайдаланғаны айтылған.

Аталған деректер негізінде ҰҚК органдары қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық істі тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы бақылауына алынған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG