Accessibility links

Ресей мен Қазақстанның шекарасын демаркациялау әлі біраз жылға созылады


Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын демаркациялау 10-15 жыл уақыт алады деп есептейді ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті.

Осы жылдың 23 мамырында мемлекеттік шекараны демаркациялау басталып, алғашқы шекаралық белгілер Атырау және Астрахань облыстарының түйіскен жеріне қойылды, екі елдің арасындағы ажыратуға тиісті мемлекеттік шекараның ұзындығы бар болғаны 7591 шақырым.

«Мамандардың пікірінше, екі жақтан шекаралық белгілерді орнату үшін 10-15 жыл уақыт керек. Мемлекеттік шекараның барлық ұзындығы бойынша 4 мыңның үстінде белгі қойылуы тиіс», — делінген ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті таратқан ақпаратта.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG