Accessibility links

Астанада өтетін дін басшыларының III съезі әлемдегі діннің рөлін талқыламақ


ҚР Парламент сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада 2009 жылдың 1-2 шілдесінде әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі өтеді. Оған әртүрлі діни конфессиялар мен халықаралық ұйымдардың 400-ден астам өкілдері және көрнекті саяси қайраткерлер қатысады.

Аталған форум толеранттық пен өзара сыйластыққа негізделген әлемдегі діннің рөліне қатысты мәселелерді талқыламақ.
Шараға дайындық барысында 29-30 маусым күндері әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі Секретариатының VIII отырысы өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG