Accessibility links

Алматыдағы Жетісу және Бостандық аудандарының әкімдері жаңадан тағайындалды


Алматы қаласы әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы Жетісу және Бостандық аудандарының әкімдері жаңадан тағайындалды.

Жетісу ауданының әкімі болып бұрын Алмалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған 35 жастағы Ербол Әліқұлов тағайындалды.

Ербол Әліқұлов Түрксіб ауданы әкімдігінде нарықтық қатынастар бөлімінің бас маманы, отын-энергетика бөлімінің бастығы, аталған аудан әкімінің орынбасары, кейін Алмалы ауданы әкімінің көмекші- кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Жетісу ауданының бұрынғы әкімі Әмір Құлмаханов Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Ал Бостандық ауданының әкімі болып бұрын Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметін атқарған Зауреш Аманжолова тағайындалды

Зауреш Аманжолова №5 перзентханада гинеколог, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер, перинаталдық орталықтың директоры, Денсаулық сақтау департаменті бастығының міндетін атқарушы қызметтерінде болған.

Бостандық аудынының экc-әкімі Амангелді Каримуллин Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG