Accessibility links

ҚР Қоршаған ортаны қорғау экс-министріне қатысты қылмыстық іс прокуратураға берілді


ҚР Қоршаған ортаны қорғау экс-министрі Нұрлан Ысқақов пен вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бралиевтерге қатысты қылмыстық іс прокуратураға берілді, — деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бралиевтерге және «Меркурий-плюс» ЖШС-нің өкілі Жайылғановқа қатысты қылмыстық іс айыптыларды сотқа өткізу үшін прокуратураға берілген.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы жылдың 20 сәуірі күні бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен бұрынғы вице-министрлер Әлжан Бралиев, Зейнолла Сәрсенбаевтарға қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттің 1 миллиард 172 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG