Accessibility links

ЦентрКредитБанк Киевтен өзінің өкілдігін ашты


Қазақстандық ЦентрКредитБанк Киевтен өзінің өкілдігін ашты, — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«ЦентрКредитБанкі АҚ-ның өкілдігі Украина Ұлттық банкінің аккредитациясына ие болды», — делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

«Алғашқы қадам Мәскеуде 2008 жылы «Банк БЦК-Москва» еншілес банкінің ашылуы болса, 2009 жылдың басында Бішкекте өкілдігімізді аштық, Киевтегі өкілдіктің ашылу жұмыстары да белсенді түрде жүргізілді», — деді банктің басқарма төрағасы Владислав Ли.
XS
SM
MD
LG