Accessibility links

Пхеньян Оңтүстік Кореяға қарсы әскери шабуыл болатын ескертті


Ресми Сеул АҚШ-тың бастауындағы жаппай қырып жоятын қару тиелген кемелерді тұтқындайтын бағдарламаға қосылған соң, Солтүстік Корея әскерилері Оңтүстік Кореяға қарсы соққы болатынын ескертіп отыр.
Пхеньянның дүйсенбі күнгі халықаралық қауымдастықтың наразылығын күшейткен ядролық сынақтарынан кейін, Сеул аталмыш бағдарламаға қосылған еді.
Айтылған сындарға жауап ретінде Солтүстік Корея ядролық қару зауытының жұмысын қайта бастап, екі күннің ішінде қысқа қашықтықтағы 5 зымыранын ұшырды.
XS
SM
MD
LG