Accessibility links

ЕуроОдақтың штаб пәтерінде тағы өрт дабылы соғылды


Бүгін Еуропалық комиссия қызметкерлері өрт дабылы соғылған соң, кеңселерін тастап шығуға мәжбүр болды.
Дабыл Еуропалық комиссия президенті Жозе Мануэль Баррозу баспасөз мәслихатын өткізейін деп жатқанда соғылған.
Еуропа Одағының 2 мыңдай атқарушы және басқа қызметкерлері отыратын ғимаратта өрт шыққан, шықпағаны әзірге белгісіз.
Бұл ғимараттың ең төменгі қабатында өткен аптада өрт шығып, бір апта бойы жабылып тұрған болатын.
Еурокомиссия мүшелері өрттің шығуына не себеп болғанын біле алмай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG