Accessibility links

Талибан торуылына түскен ауған ресмиі үш баласымен өлтірілді


Бүгін Ауғанстанның шығысында талибан жауынгерлерінің торуылына түскен аудан басшысы мен оның үш баласы құрбан болды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Пактика провинциясындағы Омна ауданының басшысы Мохаммад Надер ұлдарымен Пәкістанмен шекаралас өз ауданында қыдырып жүргенде шабуылға тап болған. Ресмилер бұл шабуылға талибандарды айыптап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG