Accessibility links

Түркия еврей мен армяндарға тіл тигізген адамды соттады


Бүгін Түркия соты қоғамдық орында еврейлер мен армяндарға қарсы намысқа тиетін сөздер жазып қойған бір азаматты 5 айға түрмеге жапты. Оның ондай шектеу мен тіл тигізетін сөздеріне қатысты жергілікті құқық қорғаушы топтар шағымданған. Сот шешімі Еуропа Одағына қосылуды қалайтын Түркияның азшылық топтарға қатысты қарым-қатынасын өзгертуге көмектеседі дейді адам құқын қорғаушы топтар.
Құқық қорғаушылар мен Еуропа Одағы Түркияны елдегі азшылық топтарды шеттетуіне байланысты сынап келген.
Анкараның батысындағы Ескішехир қаласындағы мәдени қауымдастықтың басшысы Ниязи Жапа осы жылдың басында Израильдің Газаға соққысына қарсылық танытып, ұран жазып қойған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG