Accessibility links

Еврейлер мен армяндарға тіл тигізген азамат жауапқа тартылды


Түркияның соты фирмасының есігіне «Еврейлер мен армяндарға кіруге болмайды!» деген тақтайшаны іліп қойған Эскишехир қаласының тұрғынын бес айға түрмеге қамау туралы шешім шығарды. Нияза Капа мұны, үстіміздегі жылдың басындағы израилдік әскерлердің Газа секторындағы операциясына білдірген қарсылығы ретінде жасағанын мәлімдеді.

Сот оны «қоғамның бір бөлігіне тіл тигізгені үшін» айыпты деп тапты. Капаның үстінен сотқа шағымды жергілікті құқық қорғау ұйымы түсірген болатын
XS
SM
MD
LG