Accessibility links

Өскеменде өнеркәсіпшілер форумы басталады


Бүгін түстен кейін Өскеменде өнеркәсіпшілер форумы басталады. ҚР үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов пен индустрия және сауда, энергетика және минералды ресурстар вице-министрлері, сондай-ақ барлық аймақтың өнеркәсіпшілері қатысатын республикалық форум «қазақстандық мөлшерді» арттыру тақырыбы мәселесіне арналады.

Аталған жиынға қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен баратын ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Ахметов форум жұмысы басталғанша басқа да қатысушылармен бірге «КЭМОНТ», «Востокмашзавод» және «Өскемен арматура зауытына» бармақ.
XS
SM
MD
LG