Accessibility links

Ресей Белоруссия және Қазақстанмен рубль арқылы есеп айырысуға көше бастады


Ресей Белоруссия және Қазақстанмен рубль арқылы есеп айырысуға көше бастады, — деп мәлім етті Ресей президенті Дмитрий Медведев.

Ресей либералды-демократиялық партиясының өкілдерімен кездесуде Дума комитетінің ТМД істері және одақтастармен байланыс жөніндегі басшысы Алексей Островский президентке ТМД елдерінің импортына Еуродақ үлгісі бойынша бірыңғай валюта енгізу туралы ұсыныс жасады.

«Біз бірыңғай валюта енгізу туралы мәселенің жұмысын жалғастырудамыз. Қазір көп мөлшерде аймақтық валюта қорын жасау қажеттігіне жақындап келеміз деп ойлаймын. Біз қазір рубльмен айырбас жасау процесін Белоруссия және Қазақстан сияқты серіктестерімізбен жүргізудеміз», — деді Дмитрий Медведев.
XS
SM
MD
LG