Accessibility links

Егіс егу және жинау жұмыстарын несиелеуге 103 млрд теңге бөлінді


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеуге 103 млрд теңге бөлінген.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, ауыл шаруашылығы салаларын субсидиялау бағдарламасына шамамен 41 млрд теңге, фитосанитарлық және ветеринариялық қамтамасыз етуге 18 млрд теңге, ғылыми жарақтандыруға 6 млрд теңгеге жуық және көктемгі егіс және жинау жұмыстарын несиелеуге 103 млрд теңге бөлінді.

Экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және экспортты әртараптандыру аясында келешегі бар инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыруға 120 млрд теңге бөлінді.
XS
SM
MD
LG