Accessibility links

«Келін» фильмінің кітабы жарық көрді


Киногерлер арасында біраз дау туғызған атышулы «Келін» фильмінің кітабы жарыққа шықты. Туынды авторы — фильмді түсірген режиссер Ермек Тұрсынов.

Бұл туралы Азаттыққа режиссердің өзі былай деп түсініктеме берді: «Бұл көне заманғы түркі аңыздарының желісі бойынша жазылған кітап. Негізгі мақсат кітап дүкендерін жаулап алған шет елдерден келген кейіпкерлері түкке тұрғысыз кітаптарға қарсы тұру. Кітап арқылы көрерменді киноға тарту және кітаптың мәңгілігін, маңыздығын, мәдениеттің көрінісі екенін тағы бір мәрте дәлелдеу. Кітапты өз ақшама шығардым, достарым қаржылай көмек берді. Кинопроза деп атауға болатын бұл кітап төрт бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде аңыз, екінші бөлімде киноның сценарийі, үшінші бөлім киноның қалай түсірілгені туралы, төртінші бөлімде киноның түсіру тобы туралы мәліметтер бар. Орыс тілінде жарық көрген кітап қазір қазақшаға аударылуда. Келесі айдың 18-де Алматыдағы «Мега» орталығында киноның премьерасы өтеді, Астанадағы премьера 25 маусымда, осы аралықта қазақ тіліндегі кітап та оқырманның қолына тиіп қалар деген жоспарым бар».

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақпанның 11-і күні «Қазақфильм» киностудиясының «Келін» көркем фильмінің БАҚ өкілдері мен киносыншыларға арналған жабық көрсетілімі өткен еді.
XS
SM
MD
LG