Accessibility links

Путин Минскіде Лукашенкомен кездесті


Ресей премьер-министрі Владимир Путин бейсенбіде Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Осыдан бірнеше күн бұрын Беларусь жетекшісі Мәскеуді сынаған болатын. Путинмен бірге Минскіге барған Ресей қаржы министрі Алексей Кудриннің мәлімдеуінше, Мәскеу Беларусь үкіметінің Ресейден 9 миллиард доллар несие алу туралы өтінішін қарастырып жатыр. Бұл қаржы атом электр станциясын салу үшін керек дейді Беларусь ресмилері.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG