Accessibility links

Лукашенко: Беларусь Ресейдің алдында басын имейді


Президент Александр Лукашенко Беларусь Ресейдің алдында басын имейді деп мәлімдеді. Лукашенко бұл туралы Мәскеуден несие алу мәселесіне қатысты келіссөздер тығырыққа тірелген соң айтты. Лукашенко үкіметте сөйлеген сөзінде Ресеймен арада мәселелер шешілмей жатыр, енді оның орнына «бақытымызды әлемнің басқа бөлігінде іздеуіміз тиіс» деп атап көрсетті.

Лукашенконың осы мәлімдемесінен бір күн бұрын Ресей қаржы министрі Алексей Кудрин Мәскеу Беларустің 500 миллион доллар несие туралы өтінішін кейінге қалдырады деп хабарлады. Кудриннің айтуынша, Минск бұл несиені осы жылдың аяғына дейін қайтара алмауы мүмкін. Кудрин Ресей премьер-министрі Владимир Путинмен бірге бейсенбіде Минскіге барған болатын.
XS
SM
MD
LG