Accessibility links

Климаттың өзгеруінен жылына 315 мың адам құрбан болуда


Жаңа баяндамаға қарағанда, ғаламдық климаттың өзгеруі салдарынан жылына шамамен 315 мың адам құрбан болуда. 2030 жылға дейін аштық пен аурулардан сондай-ақ табиғи апаттардан қаза болып жатқандардың саны жылына жарты миллионға өсуі мүмкін. Женевада орналасқан Ғаламдық гуманитарлық форумның зерттеулерінде ғаламдық ауа-райының жылынуы жылына 325 миллион адамға кесірін тигізуде делінген. Сонымен қатар климаттың өзгеруінен болған жылдық экономикалық шығындар 125 миллиард доллардан асады делінген бұл баяндамада. БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Ғаламдық гуманитарлық форумның президенті Кофи Аннанның мәлімдеуінше, климаттың өзгеруі қазіргі заманның ең күрделі гуманитарлық проблемасы боп табылады.
XS
SM
MD
LG