Accessibility links

Сингапурда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік талқылануда


Жұма күні 27 елдің қорғаныс министрлері мен қауіпсіздік ресмилері және дипломаттары Сингапурда жиналды. Олар Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қорғаныс және қауіпсіздік мәселесін талқылауда. Шангри-Ла диалогы аймақтағы қауіпсіздікке қатысты ең үлкен конференция деп есептеледі. 2002 жылы құрылған бұл диалогты Лондонда орналасқан үкіметтік емес Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырады.

Сенбі күні конференцияда АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс сөз сөйлейді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG