Accessibility links

Гейтс Еуропа мен Қытайды Ауғанстанға көмекке шақырды


АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Еуропа мен Қытайды Ауғанстанды қайта құруға белсенді қатысуға шақырып отыр.
Бұл туралы Сингапурдағы қауіпсіздік форумында мәлімдеген Гейтс ауған еліне көмек жасалған міндеттемеден де көбірек керек болып отыр деді. Оның айтуынша, Ауғанстанда өміршең де нәтижелі үкімет құру үшін ауған армиясын қолдау мен қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға қосымша көмек қажет.
Қорғаныс министрі Гейтс бұл тұрғыда Ауғанстандағы қауіпсіздік немесе азаматтық салаға Қытайдың көмегін АҚШ қош көреді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG