Accessibility links

Опель көлігін сақтайтын келісім жасалды


Германиялық Опель көлігін шығаратын компанияны сақтап қалатын келісімге қол жеткізілді. Берлиндегі жоғары дәрежелі келіссөздерден кейін Германия қаржы министрі Пиер Штейнбруек канадалық көлік бөлшектерін жасаушы компаниямен келісім жасалды деп хабарлады.
Канаданың Магна компаниясы консорциумды басқарады, бірақ Ресейдің Сбербанкі оның акцияларының көбісін иеленіп қалады. Бұл консорциум Ресейдің көлік жасаушы Газ компаниясымен бірге жұмыс жасайды, бұл компания Ресей мен Шығыс Еуропаға миллионнан аса көлік шығарады.
XS
SM
MD
LG