Accessibility links

Құқық қорғаушы топтар Шри-Ланкада тәуелсіз тергеу өткізуге шақырды


Халықаралық адам құқын қорғаушы топтар осы айда Шри-Ланканың Тамил барыстарына қарсы әскери операциясы кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың өліміне тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырып отыр.
Амнести Интернэшнл ұйымының азия тынық мұхит бойынша директоры Сам Зарифи БҰҰ-ы Шри-Ланкада екі жақты атыста қаза тапқан бейбіт халықтың нақты санын жариялауы керек деді. Бұл үндеулер британиялық басылымда Шри-Ланкадағы қақтығыстардан 20 мың адам қаза тапты деген ақпарат шыққан соң айтылып отыр. Шри-Ланка билігі ол газетте шыққан мәліметті жоққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG