Accessibility links

Ресейде 2007 жылғы жарылыс бойынша екі адамға айып тағылды


Бүгін Ресей тергеушілері 2007 жылдың тамызында жолаушылар пойызына қойылған жарылысқа қатысты екі адамға айып тағып отыр. Тергеу қортындысына қарағанда, Ингушетия тұрғындары Макшарил Хидриев пен Саламбек Дзахкиев теміржолға жарылғыш зат қоюға қатысты делінген. Тергеу комитетінің мәлімдемесінде шабуылдың мақсаты анықталмады, және ұйымдастырушылар әлі іздеуде жүргені айтылған.
Осыдан екі жыл бұрын 13 тамызда "Невский экспресс" пойызы Мәскеуден Петерборға шыққанда жолдан шығып кетіп, 27 адам жараланған болатын. Апатқа теміржолға қойылған жарылғыш зат түрткі болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG